Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Министрлік балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу үшін бірнеше қарапайым сақтық ережелерін ұсынады:
- терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.
- іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату.
- үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау.
- жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою.
- балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.
- терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу.
- балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.
- ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
- баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.