Астанада қосалқы стансада болған өрт салдарынан жарықсыз қалған үйлерге электр қуаты қайта берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 11.50-де «Заречная» 110/10 кВ қосалқы стансасындағы шектеулер толық алынды. Электр энергиясын беру қалпына келтірілді, - деп хабарлады «Астана-РЭК» кәсіпорнынан.
Еске сала кетейік, Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалған еді.