Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері демалыс күндері су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында екі құтқару операциясына қатысты.
Алакөл көлінің жағалауында патрульдік қызмет атқарған әскери қызметшілер суға батып бара жатқан азаматты байқап, жедел әрекет етті. Құтқарылған азамат жағаға шығарылып, кейін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Ал Қапшағай су қоймасында 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы жоғалып кеткен бес жасар баланы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Құтқарушылар мен әскери қызметшілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде бала аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды.
Қазіргі уақытта ТЖМ-нің 53 әскери қызметшісі еліміздің демалушылар көп шоғырланатын 10 су айдынында тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, профилактикалық және құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарласуға шақырады.