ТЖД Солтүстік Қазақстандағы су тасқынына дайындық туралы айтты

24 Наурыз 2023, 14:04
759
Бөлісу:
ТЖД Солтүстік Қазақстандағы су тасқынына дайындық туралы айтты
Фото: СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің бастығы Рамиль Камалов өңірде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СҚО ТЖД бастығы полковник Рамиль Камаловтың ақпараты бойынша Есіл өзені бассейніндегі қар қорының көлемі орташа көпжылдық көрсеткіштерден 69%-ға, топырақтың күзгі ылғалдылығы 12%-ға және топырақтың қатуы былтырғы көрсеткіштерден 54 см-ге артық екендігін атап өтті. 

Іргелес және бекітілген аумақтардан, магистральдық көшелерден елді мекендерден тыс жерлерге қар шығару, ұйымдар мен жеке аулалардың аумақтарын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Еріген қар суының жүру жолдарындағы егістіктерге топырақ себу жұмыстары басталды (128 км топырақ себілген), 446 су өткізгіш құбырлар мен 71 км арықтар тазартылды, - деді Рамиль Камалов.

ТЖД Солтүстік Қазақстандағы су тасқынына дайындық туралы айтты

Сондай-ақ Департамент бастығы облыстағы су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға дайындыққа назар аударды. 

Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою үшін облыста ТЖД, полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған 475 адамнан және 135 техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы құрылды. Бүгінгі таңда Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың қарамағында халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін 27 бірлік техника, 5 батпақта жүргіш техника, 116 жүзу құралы, өнімділігі төмен және жоғары 369 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм және 65 шатыр бар, - деп атап өтті ТЖД бастығы.

Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, Департамент су тасқынына осал учаскелерге алдын ала шоғырландыру үшін 8 бағытта күштер мен құралдарды топтастыруды қалыптастырды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы