ТЖД кәуап дайындауға тыйым салынған жерлерді атады

6 Сәуір 2023, 19:25
897
Бөлісу:
ТЖД кәуап дайындауға тыйым салынған жерлерді атады
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әдетте, дәл осы уақытта шөптің және дала аймағындағы өрт саны артады. Өрт сөндірушілер қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшеді. Бір тәулікте 20 реттен аса өртену орындарына барады. Ашық аумақта, далада шөп өртенуде, ал өрт сөндірушілер сәуір айында күн сайын болатын саяжай учаскелерінің аумағындғы өрттерге ерекше алаңдайды. Мұның себебі көбінесе отпен абайсызда жұмыс істеу болып табылады, атап айтқанда, қараусыз қалған оттар, сөндірілмеген темекі тұқылдары, шөпті өртеу және қауіпсіз орнатылмаған мангал.

ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, заң кәуап қуыруға тыйым салмайды. Бірақ мұны өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып жасау керек:

- мангалды тек жанғыш қоқыстардан тазартылған арнайы бөлінген алаңдарда қолдануға болады. Құрылыстар мен ғимараттардан қашықтықты сақтаңыз. Ол кем дегенде 10 м болуы керек;

- Тұтану үшін бензинді немесе басқа жанғыш сұйықтықты пайдаланбаңыз;

- мангалда от жағып жатқанда, оны қараусыз қалдырмаңыз;

- Желді ауа-райында от жағуға болмайды;

- Жақын жерде алғашқы өрт сөндіру құралдары су бөшкесі, өрт сөндіргіш болсын;

- Соңында отты сөндіріп, мангалды қақпақпен жабыңыз.

Қай жерде кәуапты қуыруға тыйым салынады?

- Құрғақ өсімдіктері бар жерлерде, ағаш шатырларының астында;

- Жанғыш материалдардан жасалған шатырлардың астында;

- Көппәтерлі тұрғын үйлердің балкондарында, шатырларында және аулаларында;

- Террассаларда, жеке үйлер мен саяжайлардың верандаларында;

- Саябақтарда, орманда барбекюді пайдалану үшін арнайы жабдықталған алаңдардан тыс жерлерде;

- Гараж кооперативтерінің аумағында;

- Елді мекендердің ортақ пайдаланылатын жерлерінде арнайы жабдықталған алаң болмаса.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

- ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабы бойынша - 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

- ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 410-бабы бойынша - ескерту жасалынады немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

- ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша отты немесе аса қауіпті өзге де көзді абайсызда пайдалану жолымен жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіргені үшін - 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не түзеу жұмыстарымен не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айырылу жазасы қолдылады.

Өрт қауіпті кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, құрғақ шөптерден тазарту қажет. От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта, арнайы темір ыдыста бақылаумен және желсіз ауа райында, өрт сөндіру құралдары болған кезде жүзеге асырылады. Өрт болған кезде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз, - деп ескертті ШҚО ТЖД мамандары. 

Өзгелердің жаңалығы