ТЖД: «Атырауда су деңгейі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ»

31 Мамыр 2024, 04:40
544
Бөлісу:
ТЖД: «Атырауда су деңгейі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ»
Фото: скрин

Атырау қаласында 28 мамырдан бері Жайықтың деңгейі алты метр болып тұр. Бұған дейін қалаға келетін судың ең мол мөлшері осынша болатыны айтылған. Алайда, облыстық төтенше жағдайлар департаменті су деңгейі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ деп хабарлады. Қала және облыстағы бірнеше елдімекенді су басу қаупі әлі де бар, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті әкімдік қаланы су басады деген үлкен қауіп жоқ екендігін мәлімдеді.

Дегенмен, Атырауға да су кіріп, Алмалы мен Бесікті ауылдарына қауіп төндіріп тұр. Қала маңындағы Бесікті, Алмалы, Талғайраң, Ақжар, Ақсай ауылдарысу басу қаупі жоғары аймақ деп танылған. Құтқарушылар «жағдайды күндіз-түні бақылап отырмыз» дейді.

Атырау қаласына да су келді: Алмалы мен Бесікті ауылдарына қауіп төніп тұр. Талғайран, Ақжар, Ақсай ауылдарына да қауіп бар. Құтқарушылар «тәулік бойына бақылауға алынған» дейді.

Ал қаладағы Алмалы ауылдық округінде - 6009 адам: оның ішінде Алмалы ауылында -3683. Береке ауылында – 2326 тұрады.Округте жалпы 1323 үй болса, оның ішінде Алмалы ауылында - 745, Береке ауылында 578 үй бар. Ауылдық округте 2 орта мектеп, 2 балабақша, 2 мәдениет үйі, 1 дәрігерлік емхана бар.

Ешқандай нысанды су алмады, - дейді қала әкімдігі баспасөз хатшысы Ғасырбек ТӨЛЕГЕН.

Атырау облысы ТЖ департаменті басшысының орынбасары Руслан ШАРИЕВТІҢ сөзінше, қазір Махамбет ауданында су деңгейі шарықтау шегіне жеткен. Ал қалада 1994 жылғыдай ең мол су мөлшері – 6 метрге жетеді делінсе де, «әлі шарықтау шегіне жетпеді» дейді.

Қауіпті елдімекендерде тұрғызылған бөгеттер бойында тәулік бойы кезекшілік қойылып, қосымша жаға бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Ресми ақпарат бойынша, Индер ауданында су деңгейі түсіп жатқаны байқалады Махамбет ауданында су деңгейі шарықтау шегіне жетіп, он метрден асқан.

Өзгелердің жаңалығы