Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады: тауда жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД мәліметінше, 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Құтқарушылар қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және әлсіз күшейтілген құрылыстардың астында қалдырмауды ұсынды.
Сонымен қатар қатты желдің күшеюі кезінде мына әрекеттер ұсынылады:
- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үйде болыңыз);
- егер сіз үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, балконнан үйіңізге зиян келтіретін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
- көшеде болсаңыз, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;
- билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттарға, сонымен қатар үйлердің қабырғасына тығылмаған дұрыс. Өйткені төбеден шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- күшті желде электр сымдарының астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау қауіпті.