ТЖД Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасады

3 Қыркүйек 2020, 16:19
2419
Бөлісу:
ТЖД Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның 02.09.2020 жылғы № 51 дауылды ескертуі негізінде биыл 4 қыркүйекте Алматы облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Дауылды ескерту ықтималдығы - 85-90%, - делінген таратылған ақпаратта.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.


 


Өзгелердің жаңалығы