Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Атырау облысының халқымен кездесті. Кездесу онлайн режимде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері де қатысты.
Кездесуде вице-министр жұртшылықты Министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, Министрліктің жұмыс жоспарлары туралы айтып, азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
Өңірдегі жағдай тұрақты. Есепті кезеңде төтенше жағдайлар саны 15,1%-ға азайды немесе 246 жағдай тіркелді және қаза тапқандар саны 25%-ға азайды. Жалпы 1 400-ден астам шығу жүзеге асырылды, 174 адам құтқарылды және 104 адам эвакуацияланды, - деп өз сөзінде Мереке Пішембаев атап өтті.
Өңірге келер болсақ, 1 қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды, оған дайындық тамыз айында алдын-ала жүзеге асырылған болатын.
Барлығы 71 265 тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары – 2 001, ескі үйлер – 239.
Жылыту маусымы басталғаннан әлеуметтік осал топтары үйлерінің профилактикалық жұмысы барысында тұрғын үйлерде 21 газ талдағыштарды орнатылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үйлерінің профилактикалық жұмысы барысында 2 001 үй қамтылды, 8 мыңнан астам азаматқа үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында үйлерде 110 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды, үй иелеріне тиісінше түсіндірулер беріліп, жадынамалар таратылды.
Жылыту маусымы басталғаннан бері облыс өңірінде аумағы 1 860 га құрайтын 5 орман өрттері тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 28%-ға азайған.
Облыс бойынша 14 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері және жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылған 11 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.
2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің құрамында 1 057 адам, 295 бірлік техника бар күштері мен құралдарының топтамасы құрылды.
Кезесу барысында вице-министр азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, азаматтарды онлайн жеке қабылдады.