ТЖ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін төлемдер автоматты түрде жүргізілді

18 Қаңтар 2022, 13:53
1415
Бөлісу:
ТЖ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін төлемдер автоматты түрде жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде мүгедектікті қайта куәландыру мерзімі басталған азаматтар үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу автоматты түрде ұзартылды. 

Аталған шара 11 411 мүгедектігі бар адамды қамтиды. Сондай-ақ, төлемдерді ұзарту мүгедек балаларға және I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын 3 089 адамды қамтиды.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде кәмелетке толған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасауды жүзеге асыратын 373 жәрдемақы алушы бар.

Бұдан басқа, базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құқығы бар және төлемдерді тағайындауға уақытында өтініш жасап үлгермеген азаматтарға Еңбекмині ТЖ режимі қолданылатын кезеңде және ол аяқталғаннан кейін бір ай ішінде өтініш беру мүмкіндігін берді. Көрсетілген төлемдерді тағайындау тағайындау үшін негіздер туындаған күннен бастап жүзеге асырылатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы да төтенше жағдай режимі мен шектеу шаралары кезеңінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құқығы бар тұлғаларға қажетті құжаттардың скан-көшірмелерін қоса бере отырып, «Электрондық үкімет» порталындағы электрондық өтініштер сервисі арқылы өтініш беру мүмкіндігі берілген болатын.

Бұдан басқа, шектеулер қолданылған кезеңде қайта куәландыру мерзімі басталған мүгедек адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу автоматты түрде ұзартылды.

Өзгелердің жаңалығы