Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған Қазақстан азаматтары мемлекеттік әлеуметтік сақтаныдру қорынан төлем ала алады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте айтты.
Оның айтуынша, бір адамға берілетін әлеуметтік төлемнің көлемі төменгі жалақы деңгейінде немесе 42 500 теңгені құрайды. Бұл көмек Қазақстан территориясында жұмыс істейтін ел азаматтарына ғана берілетін көрінеді.
Аталған көмек негізінен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жалақысы сақталмай демалысқа жіберілгендерге беріледі. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдеріне де беріледі, ол үшін жұмыс беруші табысының тоқтағанын дәлелдейтін құжаттарын тағайындау керерк. Жұмыс берушінің арызын қараған аудандық штаб, жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік көмекті беру жөніндегі шешімді қабылдайды. Бұл көмектер төтенше жағдай уақытында ғана беріледі, - деді министр.
Сондай-ақ ол, төтенше жағдайға байланысты жұмыстан қуылған адамдар да әлеуметтік көмекті ала алатынын айтты.
Оларға мемлекеттік қор есебінен жоғалтқан табысының 40% көлемінде көмек беріледі. Ол үшін жұмыстан шығарылған адам жұмыспен қамту орталығына барып арыз қалдыру керек, - деді Абаев.
Миинстр, сондай-ақ елімізде күніне 850 мыңға жуық маска тігіліп жатқанын айтты. Бұл маскаларды Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерге таратуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығарылады.Маскаларды фармацевтикалық компаниялармен бірге тігін цехтары да тігіп жатыр. Қазір елде 70 тігін цехы маска тігуде. Маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейді. Себебі бұл медициналық тауар емес, - деді министр.