Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Хабар 24 арнасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеді.
Біз алматылықтардан қозғалыстарын шектеуді жалғастыруды сұраймыз. Негізгі күштер жойылғаннан кейін қарақшылардың мәйіттерін іздеу жалғасады. Енді еліміздің барлық аймағында қоғамдық тәртіп орнатылды. Жағдай тұрақтанды. Барлық қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстанды бірге қалыпты өмірге қайтарайық, - деді Дәурен Абаев.
Бүгін сағат 15:00-де Президент халыққа үндеу жасайды.
Еске салайық, Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі сақталады.