Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атаулы әлеуметтік көмек ТЖ кезінде қалай төленеді? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында өткен брифингте түсіндіріп берді.
Ербол Оспановтың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті төтенше жағдай кезінде төлеу автоматты түрде созылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел аумағында енгізілген төтенше жағдай кезінде мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз ету міндеттерін уақытылы және толық орындау үшін барлық іс-шараны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, 2021 жылдың IV тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті төтенше жағдай кезінде төлеу автоматты түрде созылады және ол азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ, - деді министрлік өкілі.
Вице-министр Ербол Оспанов атағандай, мүгедектігі бар азаматтарға төтенше жағдай кезінде қайта куәландыру уақыты келген жағдайда мүгедектігі автоматты түрде созылады және де осы азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Сөзінше, бұл жұмыстар ақпараттық жүйе арқылы жасалады.
Сонымен қатар барлық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтардың алдындағы мемлекеттік міндеттемелердің бәрі уақтылы және толық көлемде орындалып жатыр, - деп толықтырды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ОКҚ-да.