Тыйым салынған жерлерде суға түскен азаматтарға айыппұл салынады – ТЖД

10 Маусым 2023, 10:19
919
Бөлісу:
Тыйым салынған жерлерде суға түскен азаматтарға айыппұл салынады – ТЖД
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жаз басталғалы Қазақстанда 45 адам суға батып кеткен. Оның 14-і бала, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі берген ақпарда сондай-ақ жалпы 69 адамның құтқарылғаны айтылады. Өкініштісі, рұқсат етілмеген жерлерде шомылатындардың көбі – кәмелет жасына толмағандар екен.

Апатты жағдайдың алдын алу үшін бүгін алматылық төтеншеліктер қауіпті су қоймаларының маңында рейд жүргізді. Мұнда да су жағалап, шомылмақ болғандардың дені – жасөспірімдер. Алғашында жадынама таратылып, ескертпе жасалғанымен, мамандар тәртіпбұзушылық анықталса, мұндай әрекет әкімшілік құқықбұзушылық болып есептелетінін ескертеді.

Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін құқық бұзушыға 7 АӘК айыппұл салынады. Егер ішімдік ішкен болса, 440-бап бойынша 5 АӘК айыппұл салынады, – деді Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы