Тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді

14 Сәуір 2025, 14:32
338
Бөлісу:
Тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді
Фото: Алматы қаласының Полиция департаменті

Алматыда бір топ адам заңға қайшы әрекет жасап, кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді таратқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері қалалық ҰҚКД әріптестерінің көмегімен тыйым салынған діни бірлестік өкілдерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында арнайы іс-шара жүргізді. Бір топ адамдар заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, соның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдарды таратқаны белгілі болды. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр,- деді Алматы қаласының Полиция департаменті.

Тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы