Тынық мұхитында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жапония жағалауындағы халық тығыз қоныстанған аумаққа жақын жерде тереңде болған жер сілкінісі тіркелді. 

 unsplash.com 25 Қазан 2026, 23:38
25 Қазан 2026, 23:38
116
Фото: unsplash.com

Тынық мұхитындағы Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі Жапония метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Жер асты дүмпулері жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында аралдар тобынан батысқа қарай тіркелген. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28 градусы мен шығыс бойлықтың 139,9 градусы аралығында орналасқан.

Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.

Жапонияның метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған жоқ.

Наверх