"Түзеткіміз кеп тұрады". Алтынай Жорабаева қызының есіміне шүйліккендерге жауап берді

19 Қаңтар 2024, 00:18
61543
Бөлісу:
"Түзеткіміз кеп тұрады". Алтынай Жорабаева қызының есіміне шүйліккендерге жауап берді
Фото: instagram.com/zhorabaev

Қаңтар айында бесінші бөпесін дүниеге әкелген әнші Алтынай Жорабаева қызының атына шүйліккендерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жақында дүниеге келген сәбиіне Амина есімін берді. Дегенмен оның оқырмандары қызының атын қазақшаламақ болып, "Әмина" деп түзете беретін көрінеді. Әнші Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, есімге шүйліккен жандарға жауап берді. 

Неге "біз" біреуді түзеткіміз кеп тұрады, осы? Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес , АМИНА деп қойдық, - деп атап өтті Жорабаева.

"Түзеткіміз кеп тұрады". Алтынай Жорабаева қызының есіміне шүйліккендерге жауап берді

Айта кетейік, былтыр қаңтарда Алтынай Жорабаева Әлішер есімді қостанайлық азаматқа тұрмысқа шықты. Бұл эстрада жұлдызының екінші некесі. Бұған дейін Алтынай белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовпен отасып, төрт қызды дүниеге әкелген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы