Тұтынушы А. шие сусынын сатып алды, алайда үйге әкелген кезде бұл өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін анықтады. Бұл өнімге кім жауапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңның 11-бабына сәйкес [68] қызметін жүзеге асыратын сатушы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 15-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, егер тұтынушыға жарамдылық мерзімі өткен шырын сатылған жағдайда, тұтынушы сатушыдан шырын пакетін қабылдауды және шырын үшін төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.