Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Электрондық сауда, бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер және көлік салалары неғұрлым проблемалы. Бұл туралы Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Махатова онлайн брифингте айтты.
Оның айтуынша, Алматы қаласында тауар ақша қатынасы аясында тұтынушылардың құқықтарын бұзумен байланысты көптеген проблема бар. Азаматтар тауар сапасының төмендігіне, тіптен сатушының алдауына тап болады екен. Үкімет тұтынушылардың құқығын қорғау бағытында бірқатар іс атқарған.
Өткен жылы шағым беруден бастап бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге дейінгі бірыңғай және халық үшін түсінікті қорғау жүйесін құруға назар аудара отырып, тұтынушылардың құқытарын қорғау саласын нормативтік реттеу қайта жүргізілді. Осылайша 2020 жылғы 25 маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға түзетулердің бірінші пакеті қабылданды. Соның нәтижесінде тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы тетігі көзделген. Оған қоса ақпараттық жүйе енгізілді. Мемлекеттік және қоғамдық бақылау енгізілді. Сондай-ақ кәсіби мамандар арасынан құқық қорғаушылар тізімі жасалды. Үкімет жанындағы ведомствоаралық кеңеске дейін тұтынушылар проблемаларын қарау мәртебесі арттырылды, - деді ол.
Елімізде тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылатыны арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері мен өтініштер статистикасынан көруге болады.
Мәселен, Алматы қаласы бойынша респонденттердің тек 1%-ы тұтынушылардың құқықтарын сақтай отырып, қазіргі жағдайды өте жақсы бағалады, орташа - 3,6%, қанағаттанарлықсыз - 86,8%, жауап беруге қиналғандар - 8,6%. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жағдайының өзгеруі туралы сұраққа 42,8% - ы жақсы болды, 37% - ы өзгеріссіз, 20% - ы нашар және 0,2% - ы жауап беруге қиналды,-дейді Сәуле Махатова.
2020 жылы департаментке тұтынушылардың 1480 шағымы келіп түскен, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп (440 шағым). Олардың жартысынан көбі - 80% салалық органдардың құзыретіне тікелей қатысты болған.
Өткізілген іс-шаралар аясында тұтынушыларға 27 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Тұтастай алғанда, салалар тұрғысынан электрондық сауда, бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер және көлік салаларын неғұрлым проблемалы деп санауға болады. Бұл сондай – ақ әлеуметтік зерттеумен расталады, респонденттердің 45% – ы электрондық сауда саласының қызметтеріне, оның ішінде тапсырысты орындау мерзімдеріне сәйкес келмеуі, бөлшек сауда бойынша-45,6%, яғни тауар сапасына сәйкес келмеуі. Ал респонденттердің 46,4%-ы тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде жиһазды жөндеу және дайындау ісіне қанағаттанбайтынын айтқан,-дейді Махатова.