Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бастамасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге қатысты конференция өтті.
Оған қоғамдық бірлестіктер қатысып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Конференцияға қатысушылар тұтынушыларды қорғау мәселелерін кеңінен талқылады. Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық бірлестіктерінен көптеген ұсыныстар келіп түсті.
Біз Қазақстан Республикасының Президентіне, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына, Үкіметке, Парламент Мәжілісінің спикеріне ашық үндеу дайындадық, «Ashyq» қосымшасына байланысты жағдайдың ауыр түрде ушығуы, ол тұтынушылардың құқықтарын ғана емес, сондай-ақ адам құқықтарын да өрескел бұзады, - деп атап Астана қаласы «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары Тұрсын Жағпарова.
Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар Нұр – Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына: бизнес үшін «Ashyq» әзірлеу және бағдаршам әдісін жасау ұсынысымен жүгінді.
Қатысушылар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үш кезеңдік жүйесі жұмыс істемейтінін атап айтып кетті.
Сонымен қатар мораторийдің салдарынан тұтынушылардың құқықтарын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін бұзатыны жайлы айтылды.
Осыған орай Тұтынушылардың құқықтарын қорғау БАЖ порталында e-tutynushy.kz қоғамдық ұйымдар контрафактілік тауарларды немесе жалған тауарларды сататын жосықсыз кәсіпкерлердің тізілімін жүргізуді ұсынды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігін жеке құруды және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы кодексті» әзірлеуді ұсынылды.