Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті

25 Наурыз 2022, 11:30
2886
Бөлісу:
Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы «Холи мерекесі – түстер фестивалін» өткізді.

Тарихқа көз жүгіртсек, Үндістан мен Қазақстан арасында берік мәдени және әлеуметтік байланыс бар. Үндістан биылғы жылы Тәуелсіздігінің 75 жылдығын атап өтіп жатыр.

Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті

Бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келеді. 

Осы маңызды оқиғаларға байланысты, Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан елшілігінің және Свами Вивекананда мәдени орталығының ұйымдастыруымен, академиялық және әлеуметтік салаларда бірқатар іс-шара атап өтіліп жатыр. 

Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті

«Түстер фестивалі» деген атпен аса танымал Холиді тек жергілікті үндістер ғана емес, сонымен қатар дүние жүзіндегі түрлі ұлт өкілдері бірге тойлайды. Холи – бұл бауырластықтың нышаны және бейбітшілік пен достық хабарын жеткізеді.

Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті

Қазақстанда тұратын үнділер біздің ұлы елдеріміздің халықтары арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Нұр-Сұлтан қаласындағы  Астана Үнді қауымдастығы Үндістан елшілігінің қолдауымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Өз қызметінің бір бөлігі ретінде,  Астана Үндістан қауымдастығы SVCC-мен бірлесіп,  2022 жылғы 24 наурызда Холи мерекесін тойлады, - делінген Үндістан елшілігінің баспасөз хабарламасында.

Әсем түсті мереке қонақтарды дәстүрлі қарсы алумен басталып, Үнді әндері, үнді және қазақ музыкалық аспаптарынан құралған музыкалық композиция, қазақстандық әртістердің әйгілі Холи би композицияларымен және Нұр-Сұлтанда тұратын үнді қауымы өкілдерінің қойылымдары бар мәдени бағдарламамен жалғасады. 

Түстер фестивалі. Елордалықтар Холи мерекесін атап өтті

Холи мейрамын тойлауға үнді мен қазақ азаматтары қатысты.

Мерекелік шарада қазақстандық орындаушылар мен үнді қауымы өкілдерінің биі мен музыкалық шығармалары орындалды.

Өзгелердің жаңалығы