Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Түсіну қиын": Бектенов медицинадағы стандарттарды қайта қарауды тапсырды

7 Қазан 2025, 11:02
353
Бөлісу:
 Үкімет
VIDEO
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ биылғы шілде айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заң қабылданды. Ол медициналық көмектің бірыңғай пакетіне және сақтандыру моделіне кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз етеді. Заң көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейтіп, сапасын арттырумен қатар, бүкіл денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығына оң әсерін тигізеді. Біздің басты мақсатымыз – ашық, әділетті және ең бастысы, барлық азаматтар үшін қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол биыл медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 3 триллион теңге бөлінгенін еске салды.

Бұл – қомақты қаражат. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қаржының тиімді жұмсалуын және медициналық қызметтердің сапасын, оның ішінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы қатаң бақылауға алсын. Сонымен қатар министрлік медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін қайта қарауы керек. Емделушілер үшін бәрін оңтайландырып, барынша жеңілдету керек. Кейбір жаңа ережелерді түсіну қиын. Балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектер мен азаматтардың басқа да жеңілдікті санаттарына медициналық көмек көрсету тәртібі мен көлемі өзгеріссіз қалуға тиіс, - деді Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы