Тұрсынбекова: Мақсатым – Президент болу емес

11 Қазан 2022, 17:00
1567
Бөлісу:
Тұрсынбекова: Мақсатым – Президент болу емес

Президент сайлауына кандидат Салтанат Тұрсынбекова науқанның әділдігіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елдегі болып жатқан мәселелерді шешуге өз үлесімді қосқым келеді. Мәселен, кейбір әйелдерге қатысты тиісті мәселелерді біз жаны-тәнімізбен түсінеміз. Менің ойымша, егер біз жоғары лауазымда болсақ,  кейбір әлеуметтік, қоғамдық мәселені тез жеткіземіз.  Мен барлық талаптарды заңнама ізімен өзім өтіп келемін. Сайлауда өзімді сынап көрмекшімін. Демократиялық шынайы құқығымды іске асыра алам ба? жоқ па? міне мұны асыра алатыныма сенімдімін, - деді Тұрсынбекова.

Айтуынша, кандидат болып тіркелгенімді  бірлестік мүшелерінен басқа ешкім білмеген.

Маған сағат 18:00 дейін құжаттарыңызды әкелмесеңіз алып тастайынтынын айтты. Менің тіпті жұмыстағы әріптестерім де білмейді. Бұл науқанның әділ екенін нақты айта аламын. Бүгінге дейін құжаттар қабылданды. Менен заңға қойылған талаптарға сәйкес,  құжаттарды талап етті. Мен көптің бірімін. Мен өзімнің саяси құқығымды іске асырып отырмын, - деді үміткер.

Өзгелердің жаңалығы