Түрмеде отырғандарға телефон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды ұстау шарттарын өзгерту жоспарланып отыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Кеше 2026, 18:33
Кеше 2026, 18:33
368
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды ұстау шарттарын өзгерту жоспарланып отыр. Тиісті  бұйрық жобасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейді. Түзетулер сотталғандардың мінез-құлқын бағалау жүйесіне де қатысты.

Ұсынылып отырған негізгі өзгерістер:

  • мінез-құлқының үшінші оң дәрежесі бар сотталғандарға «тыныштық сағаты» енгізілуі мүмкін;

  • қауіпсіздік деңгейі ең төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру жоспарланып отыр;

  • қауіпсіздік деңгейі ең төмен мекемелерде сотталғандар кездесу және қалаға шығу туралы өтініштерді өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары арқылы бере алады.

Жоба авторларының мәліметінше, терминалдарды енгізу сотталғандар мен мекеме қызметкерлері арасындағы тікелей байланысты азайтуға бағытталған.

Әзірлеушілер құжатты қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейтінін атап өткен.

Қазіргі уақытта бұйрық күшіне енген жоқ. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 11 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Наверх