Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түрме жүйесіндегі ақау: Қателікпен босатылып кеткен екі тұтқын іздестірілуде

6 Қараша 2025, 09:34
530
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Британияда қателікпен екі тұтқын босатылып кеткен. Полиция іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Британ полициясы Лондонда орналасқан Вандсворт түрмесінен қателіктен босатылған екі тұтқынды іздестіріп жатыр.

24 жастағы Алжир азаматы Брахим Каддур-Шериф ұрлық жасағаны және әдепсіз мінез-құлығы үшін сотталған. Ал 35 жастағы Уильям Смит алаяқтық жасағаны үшін түрмеде отырған. Екеуі де түрме жүйесіндегі ақауға байланысты бостандыққа шығып кеткен.

Бұл оқиға қазан айында болған ұқсас жағдайдан кейін сынға ұшыраған пенитенциарлық қызмет төңірегінде тағы бір дауға себеп болды.

Әділет министрі Дэвид Лэмми "болған жағдайға ашулы екенін" айтып, қауіпсіздік тексерістерін күшейтуге уәде берді.

Үкімет дерегінше, соңғы бір жылда қателік салдарынан 262 тұтқын мерзімінен бұрын босатылған. Бұл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп.

Өзгелердің жаңалығы