Тұрлыханов ұлы үшін кешірім сұрады

ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желілерде дау тудырған ұлының іс-әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 Ақпан 2023 2023, 16:42
АВТОР
 inform.kz 15 Ақпан 2023 2023, 16:42
15 Ақпан 2023 2023, 16:42
1951
Фото: inform.kz

ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желілерде дау тудырған ұлының іс-әрекеті үшін кешірім сұрады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасына жазба жариялады.

«Ақпанның 11- қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе оған Қазақстан Ресаубликасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын» , - деп жазған.

Еске сала кетейік,  Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алғаны айтылған еді.

Наверх