ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемі жазушылар одағын біріктірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркменстан өкілдері одақ құру туралы құжатқа қол қойды. Еліміз одаққа алғаш болып төрағалық етеді. Бауырлас мемлекеттердің жазушылар одағының басшылары бұл міндетті Ұлықбек Оразбайұлына тапсырды. Ұлықбек Есдәулет бұл қызметті Қазақстан жазушылар одағы төрағалығымен қатар алып жүреді.
Жиынның алғашқы отырысы 29 наурыз күні Өзбекстанның Новаи қаласында өтеді. Сол отырыс барысында түркі әлемінің өзге де жазушылары ұсыныстар айтып, нақты шешімдер қабылдайды.