Түркияның ұлттық валютасы әлсіреді

16 Мамыр 2023, 09:48
2123
Бөлісу:
Түркияның ұлттық валютасы әлсіреді

Түркияның қор индексі құлдырап, ұлттық валютасы әлсіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұған президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы әсер еткен. Мәселен, лираның долларға шаққандағы құны 0,4%-ке төмендеп, қор индексі бір күнде 7%-ін жоғалтқан. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Алдағы апталарда қор нарығы құбылады, - дейді сарапшылар. 

Айта кеткен жөн, 28 мамыр Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Саяси додаға қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция көшбасшысы Кемал Қылышдароғлы түседі.

Өзгелердің жаңалығы