Түркияның Қара теңіз жағалауында танкер өртенді

Түркияның Қара теңіз жағалауынан 28 миль қашықтықта Гамбия туы астында жүзіп жүрген Kayros танкерінде өрт шықты. Бұл туралы Түркияның теңіз басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN Türk-ке сілтеме жасап.

 x.com 29 Қараша 2025 2025, 01:29
29 Қараша 2025 2025, 01:29
749
Фото: x.com

Түркияның Қара теңіз жағалауынан 28 миль қашықтықта Гамбия туы астында жүзіп жүрген Kayros танкерінде өрт шықты. Бұл туралы Түркияның теңіз басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN Türk-ке сілтеме жасап.

CNN Türk дерегінше, өрт сыртқы фактордың әсерінен басталған. Танкер жүксіз жүрген. Кемеде болған 25 экипаж мүшесінің жағдайы қалыпты, оларды эвакуациялау үшін құтқарушылар жіберілді.

Оқиға орнына Жағалау күзеті мен медициналық қызметтер тартылды. Билік өртті сөндіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жалғастырып жатыр.

Наверх