Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында магнитудасы 5 баллды құраған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 28 Қазан 2024 2024, 02:16
28 Қазан 2024 2024, 02:16
1136
Фото: pixabay.com

Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында магнитудасы 5 баллды құраған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы (AFAD) таратқан ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 22:07-де Козан ауданында болған.

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырымдай тереңдікте жатқаны айтылды.

Әзірге зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Наверх