Сенбі күні Эгей теңізінде құтқару салы батып, кем дегенде 6 заңсыз мигрант қаза тауып, 15 адам құтқарылды деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Түркияның жағалау күзеті хабарлады.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де солтүстік-батыстағы Чанаккале провинциясының маңында болды, - делінген хабарламада.
Мигранттардың жалпы саны, сондай-ақ олардың бағыты көрсетілмеген. Мәлімдемеде адамдардың әлі де суда қалуы мүмкін болғандықтан теңіздегі іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.