Түркияның 63 провинциясында шетелдіктердің тұруына ықтиярхат берілмейді

20 Шілде 2023, 07:48
912
Бөлісу:
Түркияның 63 провинциясында шетелдіктердің тұруына ықтиярхат берілмейді
Фото: видеодан скриншот

Мұндай шешім 1100-ден астам ықшам ауданға қатысты шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Оған жергілікті тұрғындарға қарағанда өзге ел азаматтарының тығыз орналасуы түрткі болған. Елдің көші-қон басқармасының мәліметінше шетелдіктердің саны түрік азаматтарынан 20 пайызға көбейіп кеткен. Бір ғана Ыстамбұлдағы 39 ауданның онына шектеу қойылды.

Айта кету керек, Түркиядағы иммигранттар саны 4 миллион 900 мың адамға жуықтаған. Олардың басым бөлігі, Ыстамбұл, Анкара мен Измир секілді қалаларды таңдаған.

Өзгелердің жаңалығы