Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркиялық YDA Holding Қазақстанда үш ірі аурухана мен өндіріс зауытын салады

29 Шілде 2025, 15:06
865
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа YDA Holding компаниясының Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған. 

Компания алдағы уақытта Астанадағы YDA Industrial Park көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды. 

Сонымен қатар Хусейн Арслан компанияның Ақтауда мультимодальді транзит хабын құруға қатысты жоспарымен бөлісті. Мемлекет басшысы холдингтің Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан қызығушылығын және елімізде жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамаларын жоғары бағалады.

Өзгелердің жаңалығы