Түркияға барған туристер ПТР-тестін көрсетуге міндетті

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздан бастап Түркияға сапарлап баратын 6 жастан асқан жолаушылардан коронавирусты жұқтырмағандығы жөнінде ПТР-тесті талап етіледі.&nbsp;</h4>

 2 Наурыз 2021 2021, 16:10
2 Наурыз 2021 2021, 16:10
1975

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздан бастап Түркияға сапарлап баратын 6 жастан асқан жолаушылардан коронавирусты жұқтырмағандығы жөнінде ПТР-тесті талап етіледі, деп жазды Хабар24.

Анықтама нәтиже берілген күннен бастап Түркия шекарасын кесіп өткен сәтке дейін үш тәулік (72 сағат) ішінде жарамды. Ережеден тек транзиттік және 6 жасқа толмаған жолаушылар босатылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда жолаушылардан ПТР-тестін көрсету міндеттемесі былтыр 30 желтоқсаннан бастап 1 наурызға дейін жалғасуы тиіс болған. Азаматтық авиацияның бас дирекциясы бұл жағдайды мамыр айының соңына дейін тағы шегерді.

Наверх