Түркияға ақша аударымдарының көлемі тарихи максимумға жетті

4 Қазан 2022, 02:33
1050
Бөлісу:
Түркияға ақша аударымдарының көлемі тарихи максимумға жетті

Тамыз айында қазақстандықтар аталған елге ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы 27 млрд теңгеден астам сома бағыттаған. Бұл шілде айымен салыстырғанда 1,5 есе және 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 47%-ға жоғары, деп жазады BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияға транзакция айтарлықтай сұранысқа ие бола бастады. Мәселен, 8 айда ААЖ арқылы 163,6 млрд теңге бағытталды, бұл 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 28,8%-ға көп.

Тәжікстанға да ақша аударым саны өскен. Алайда аталған елге аударымдардың жалпы сомасы Түркия бағытталған қаржыдан әлдеқайда төмен. Айына шамамен 2,6 млрд теңге.

Өзбекстанға трансферттер көлемі артты. Тамыз айында Қазақстаннан 38,1 млрд теңге аударылған.

Жалпы, бір айда қазақстандықтар ААЖ арқылы шетелге 103,2 млрд теңге бағыттады. Бұл оның алдындағы кезеңнен 25,3 млрд теңгеге немесе 35%-ға артық.

Өзгелердің жаңалығы