Түркиядан қыдырып келген әйелдің бір уыс алтынын қонақ үй қызметкері ұрлап алған

Түркия азаматы полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

 pixabay.com 19 Маусым 2025 2025, 09:50
19 Маусым 2025 2025, 09:50
12252
Фото: pixabay.com

Шетелдік қонақ Астанаға турист ретінде келіп, қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Еліне оралғаннан кейін ол нөмірінде ұмыт қалдырған алтын әшекейлерінің жоғалғанын анықтады. Әйел дереу құқық қорғау органдарына жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 жұп сырға, 8 сақина және екі алтын алқадан тұратын зергерлік бұйымдарды қонақ үй қызметкері иемденіп кеткені белгілі болды. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған мүлік табылып, иесіне қайтарылды, - делінген хабарламада.

Түркия азаматы полицейлерге жеделдік пен үйлесімді әрекеттері үшін шынайы ізгі тілегін жеткізді.

Наверх