Түркиядан келген аспаз семинар өткізеді

Түркия елінен арнайы шақыртумен келген аспаз Хакан Доган түрік наны мен нан өнімдерін пісіру бойынша кəсіпқойларға арналған оқыту семинарын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

29 Қараша 2023 2023, 16:29
АВТОР
 Қазақстандағы Түркия елшілігінен 29 Қараша 2023 2023, 16:29
29 Қараша 2023 2023, 16:29
4848
Фото: Қазақстандағы Түркия елшілігінен

Түркия елінен арнайы шақыртумен келген аспаз Хакан Доган түрік наны мен нан өнімдерін пісіру бойынша кəсіпқойларға арналған оқыту семинарын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нан пісіруді кәсіп қылған аспаз Хакан Доган 1974 жылы Битлис қаласында дүниеге келген. Нан пісіруді отбасылық кәсіпке айналдырған ол көптеген оқу орындарында, балабақшалар мен кəсіптік лицейлерде жəне университеттерде арнайы семинар сабақтарын өткізіп тұрады. Сондай-ақ, 2014 жылдан бері Италия, Латвия, Кипр, Ресей, Польша, Франция, Германия жəне Бельгия сияқты елдерде ашытқы туралы зерттеулер жүргізіп келе жатқан зерттеушілер тобының мүшесі. 

Аспаз өз саласында беделді марапаттарға да ие болған. 

Атап айтар болсақ, 2016 жылы «Alfa publications» баспасынан шыққан кітабы үшін əлемдегі ең беделді аспаздық кітаптар байқауы «Gourmand Cookbooks Awards» байқауында «нан» номинациясы бойынша 2017 жылғы «Gourmand winner» сыйлығымен марапатталған.

 Оның нан, шоколад жəне торт туралы мақалалары республикалық журналдарда жарияланып тұрады. Аспаздың семинар сабағы 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Rixos President Astana» қонақ үйінде өтеді.

Іс-шара Қазақстандағы Түркия елшілігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

Наверх