Түркиядан Қазақстанға оралуға қанша азамат ниет білдіргені анықталды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Алматы қаласынан Түркияға Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты ұшып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бұл топты Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарады.
Бұл борт Түркияда кідіріп қала алмайтындықтан, елге қайта оралады.
Смадияров осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген азаматтарды Қазақстанға әкелу жоспарланып отырғанын айтты.
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 18 адам елге қайтуға ниет білдірді. Қазақстанның 16 және Қырғызстанның екі азаматы бар. Бұл борт Астанаға келеді деп күтіліп отыр. Ұшу уақыты қосымша хабарланады, - деді Айбек Смадияров.
Кеше Түркия мен Сирияның бірқатар провинциясында қатты жер сілкінісі болып, салдарынан ғимараттар қирады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер бар.
Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы жер сілкінісі Қаһарман, Мараш, Газиантеп, Османия, Диарбакир, Шанулуурфа провинцияларында болды. Әртүрлі мәлімет бойынша 4 мыңнан аса адам қаза тауып, 20 мыңнан аса қаза тапты.