Түркиядаға зілзала 13,5 млн тұрғыны бар 10 провинцияға кері әсерін тигізді. Бұл туралв Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кеше Түркия мен Сирияның бірқатар қаласында қатты жер сілкінісі болды. Салдарынан адамдар қаза болып, ғимараттар қирады, - деді ол.
Сыртқы істер министрлігі апат салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Соңғы мәлімет бойынша 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 20 мыңнан астам адам жарақат алды. Табиғи апат 13,5 млн тұрғыны бар 10 провинцияға кері әсерін тигізді. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны сағат сайын өсіп келеді. Сирияда кем дегенде 1,5 мың адам қайтыс болды, - деп айтты СІМ ресми өкілі.
Сөзінше, көптеген адам қираған ғимараттардың астында қалған.
Түркиядағы дипломаттар осы елдегі Қазақстан азаматтарымен байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар студенттер арасында тиісті хабарлама таратылды.