Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадьяроваға ота жасалды

10 Ақпан 2023, 17:01
1188
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадьяроваға ота жасалды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жойқын апаттан аман қалған отандасымыз ауруханада ем алып жатыр. 

Жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадьярованың жағдайына тоқталсақ. Ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында жатыр. Кеше оған зақымдалған қолына операция жасалды. Денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қажетті медициналық көмек көрсетілуде, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Белгілі болғандай, консулдық оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Бүгін консул оның қалын білу үшін жеке барып қайтады, - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, Түркияда 6 ақпанда жойқын жер сілкінісі орын алды.

Жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілген.

Түркия парламенті орын алған табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды. ТЖ режимі 8 ақпаннан бастап елдің он провинциясында 90 күнге енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы