Түркиядағы тәртіпсіздік: Прокуратура тағы 60-тан астам адамды қамауға алуды талап етті

23 Наурыз 2025, 13:03
1209
Бөлісу:
Түркиядағы тәртіпсіздік: Прокуратура тағы 60-тан астам адамды қамауға алуды талап етті
Фото: pixabay.com

Ыстамбұл прокуратурасы оппозициялық мэр Экрем Имамоглуна қатысты жемқорлықпен және терроризммен байланысы бар деген іс бойынша 61 адамды қамауға алуды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркияның Halk TV телеарнасының мәліметінше, 23 наурыз күні таңғы 07:35-те (Астана уақытымен) сот Имамоглудан жауап ала бастады. Ол өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып, прокуратураның қамауға алу туралы талабына қарсы шықты. Соттың шешімі жақын арада жариялануы мүмкін.

Сот залында Имамоглудың жұбайы мен ұлы, сондай-ақ Түркиядағы негізгі оппозициялық күш – республикалық Халық партиясының (НРП) жетекшісі Озгюр Озель де болды.

Ыстамбұлдағы наразылықтар мен қауіпсіздік шаралары. 22 наурызда Ыстанбұлда Имамоглуды қолдауға арналған жаппай наразылық акциясы өтті. Түркияның Ішкі істер министрлігі 323 адамның полицияға қарсылық көрсеткені үшін ұсталғанын мәлімдеді.

Бұған дейін ақпарат құралдары билік Ыстамбұлға кіруге және шығуға тыйым салды деп хабарлаған еді. Алайда Түркия президентінің әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, тек белгілі бір адамдар мен көлік құралдарына шектеу қойылғанын растады.

Өзгелердің жаңалығы