Түркиядағы сел 4 адамның өмірін жалмады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда қатты сел салдарынан&nbsp;4 адам қайтыс болды.</h4> <br>

 23 Тамыз 2020 2020, 17:50
23 Тамыз 2020 2020, 17:50
1773

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда қатты сел салдарынан 4 адам қайтыс болды.

Бұл туралы Life.ru мемлекеттің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Түркияның солтүстік-шығысындағы Гиросун провинциясындағы жауын-шашын салдарынан қатты сел жүріп өтті. 

original (2).jpg

Құтқарушылар 133 адамға көмек беріп үлгерді. Қазіргі уақытта 10-нан астам адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқыс оқиға болған жерден адамдарды эвакуациялау тікұшақтың көмегімен жүргізіліп жатыр.

Наверх