Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркиядағы орман өртіне қатысы бар 17 адам ұсталды

26 Шілде 2025, 21:06
505
Бөлісу:
 philenews
Фото: philenews

Түркияның түрлі аймақтарында соңғы 15 күн ішінде орман өрттеріне қатысы бар 17 адам ұсталды. Бұл туралы Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Министр азаматтарды елдің орман алқаптарын қорғауға шақырды.

Сонымен қатар, Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз климаттың өзгеруі салдарымен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған Тәуекелдерді басқару орталығының құрылғанын хабарлады.

Түркия билігінің мәліметінше, 25 шілдеде өрт сөндірушілер мен еріктілер жалпы саны 73 орман өртімен күрес жүргізді, олардың басым бөлігі адамдардың кінәсінен туындаған.

Айта кетейік, шілде айының басында Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы елде барлығы 342 орман өрті тіркелгенін мәлімдеген болатын. Ол кезде Маниса, Измир, Хатай және Антакия аймақтарында ірі өрт ошақтары жалғасып жатқан. 4 шілдеде министр тоғыз өрттің алтауы бақылауға алынғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы