Түркияда жолаушылар мінген шағын автобус аударылып, бір адам көз жұмды

Тағы 12 адам түрлі жарақат алған.

 Haber Global Бүгiн 2026, 15:18
Бүгiн 2026, 15:18
100
Фото: Haber Global

Түркияның Бурса қаласында жолаушылар шағын автобусы қатысқан жол апаты болып, салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Haber Global мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Изник–Орхангази тасжолында болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, шағын автобус аударылып кеткен.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 12 адам түрлі жарақат алды.

Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадалары мен құтқарушылар жеткен. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.

Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Наверх