Түркия Үкіметі жанындағы Табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) жаңартылған мәліметі бойынша, Түркияның Қахраманмараш аймағындағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 31 643 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өткен дүйсенбі, 6 ақпан күні Қахраманмарашта эпицентрі жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-де – 7,6 балл).
Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл елде жартылай түсірілді.
Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасы, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.