Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияда жер сілкінісі кезінде он үй опырылып құлады

11 Тамыз 2025, 02:48
3786
Бөлісу:
 скрин / trthaber.com
Фото: скрин / trthaber.com

Түркияда магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 11 шақырым тереңдікте болды. Табиғи апат салдарынан Балыкесир провинциясының Синдирги ауданында 10 шақты үй опырылып құлады.

Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемисоглының айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сонымен қатар, жер асты дүмпуі Ыстамбұлда да сезілген.

Өзгелердің жаңалығы