Түркияда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, 6 балдық жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.
Ошақ шамамен он шақырым тереңдікте болған. Құрбандар мен қирап қалған ғимараттар туралы ақпарат әлі жоқ.
Жер сілкінісінен кейін сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген.