Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанның саяси қарсыластарының бірі, Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынған соң жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ереуілшілер Анкара мен Ыстанбұлдың көшелеріне ұрандатып шығып, кейбір жерлерде полициямен қақтығысқан.
Ал халықаралық NetBloks ұйымы елде интернетке шектеу қойылғаны мәлімдеді.
Желінің жұмысы туралы деректер Түркияда билік әлеуметтік желілерді бұғаттаған соң он екі сағаттан бері интернетте шектеу барын көрсетіп тұр. Бұл шаралар жемқорлық пен терроризм бойынша айыптауға сәйкес, Ыстанбұл мэрі Имамоғлумен қоса, жүзден астам адам ұсталған соң қолданылды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ыстанбұл қаласының оппозициялық мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынғаннан кейін наразылық шерулері басталған болатын. Түркияның негізгі оппозициялық партиясынан президенттікке кандидат болған мэр таңертең ұсталған соң Ыстамбұл университетінде студенттер полициямен қақтығысып қалған.