Түркия мен Сирияның зілзала болған аймағында тырысқақ өршуі мүмкін. ДДСҰ өкілдері осылай деп дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Өйткені өңірде таза суға қатысты қиындықтар бар. Сирияда жер сілкінісіне дейін індеттің таралуы тіркелген. Желтоқсанда ауру жұқтырғандар саны 60 мыңнан асқан еді. Ол аздай қарулы қақтығыстан ауруханалардың жартысынан астамы жұмыс істемей тұр. Ұйым халықаралық қауымдастықтан 40 млн доллар сұрап отыр. Бүгінде тырысқақтың өршуі әлемнің 20-ға жуық елінде тіркелген.
Сумен қамтамасыз ету жүйесіне айтарлықтай зақым келген. Бұл түрлі жұқпалы аурулардың таралуы қаупін арттырады. Біз қазір БҰҰ, сондай-ақ Түркия және Сирияның салалық министрліктерінің өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатырмыз, - деді ДДСҰ-ның Түркиядағы өкілі Батыр Бердыклычев.