Түркияда тұрғын үйден шыққан өрттен бала қаза тауып, 12 адам жарақат алды

Түркияның Мардин қаласында үш қабатты тұрғын үйде ірі өрт болып, соның салдарынан бес жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global порталына сілтеме жасап.

 pixabay.com 11 Қазан 2025 2025, 17:15
11 Қазан 2025 2025, 17:15
780
Фото: pixabay.com

Түркияның Мардин қаласында үш қабатты тұрғын үйде ірі өрт болып, соның салдарынан бес жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global порталына сілтеме жасап.

Оқиға кезінде түрлі дәрежеде жарақат алған тағы 12 адам медициналық көмекке жүгінді.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдем қызметтері жедел жеткен. От ауыздықталып, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Құзырлы органдар оқиға бойынша тергеу бастады.

Наверх